01.06.2020 ж. «Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы Париж қаласында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгрессінің шешімімен бекітілген болатын. Жыл сайын осы күн 1 маусымда үлкендердің назарын балалардың пікірін білдіру, білім алу бостандығы құқықтарын сақтауға, оларды зорлық-зомбылықтан және өмір сүру құқықтарын қорғауға аударту мақсатында атап өтіледі.
Жыл сайын осы күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС балаларды осы мерекемен құттықтай отырып, дәстүрлі конкурстар өткізіп тұрады.
2020 жылы қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бұл мереке КГНТ қызметкерлерінің балалары үшін «Мен анамның/әкемнің жұмысы туралы не білемін» тақырында бейне-сұхбат нысанында өтті.
Балалар төмендегі сұрақтарға жауап берді:
1) Өзің туралы, ата-анаң туралы айтып бер?
2) Сенің анаң/әкең КГНТ компаниясында кім болып жұмыс істейді?
3) Анаңнан/әкеңнен олардың жұмысы туралы не естідің?
4) Анаңның/әкеңнің жұмысына барып көрдің бе? Барған болсаң, ол жерде нені көрдің?
5) Сен ер жеткен кезде кім болғың келеді?
Бейне компанияның экрандарында көрсетіліп, КГНТ-ның Instagram желісіндегі корпоративтік парақшасында жарияланды. https://www.instagram.com/tv/CA4bqGkApoI/?igshid=msug2564llpk
Компания әрбір балаға мықты денсаулық және ата-анасының қамқорлығына бөленіп жүре беруді тілейді. Аспанымыз ашық, әрбір күніміз мейірімге толы болсын.»