КОРПОРАТИВТІК ЕРІКТІЛІК
Корпоративтік еріктілік – бұл ұйым қызметкерлерінің әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларға өз компанияларының қолдауымен ерікті түрде қатысуы.
Корпоративтік еріктілік корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) және кәсіпорынның тұрақты даму стратегиясының элементі болып табылады.
КГНТ халықты сауықтыру, жоғары білімді қолдау және жастар арасында спортты насихаттау бойынша әлеуметтік шаралар мен бағдарламаларға белсенді қатысады.