КГНТ қызметкерлері Алматы қаласында 2024 жылғы 16-17 қазанда өткен ауқымды «GO DIGITAL EURASIA» конференция-көрмесіне қатысты. Бұл бизнес пен цифрлық түрлендіру көшбасшылары өз тәжірибесімен және инновациялық шешімдерімен бөліскен Орталық Азиядағы болашақ цифрлық технологияларды талқылау үшін арналған ең ірі алаң.
Іс-шара өткен екі күн ішінде 700-ден астам делегат пен 50 спикер кешенді ИТ-стратегияларды, ЖИ-ді қолдана отырып бизнес-процестерді оңтайландыру және Қазақстанда бұлтты технологияларды дамыту мәселелерін талқылады. КГНТ қызметкерлері компанияда цифрлық технологияларды одан әрі дамыту үшін бірегей білім мен шабыт алды.