КОНФЕРЕНЦИЯ

«Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы жəне мұнай өңдеу» 12-ші халықаралық бизнессаммиті – 2025 жылғы 9-11 қыркүйек, Самарқанд

Самарқан 2025 жылғы қыркүйек айында мұнай өңдеу жəне мұнай-газ химиясы бойынша басты өңірлік саммитті қабылдайды

2025 жылғы 9 – 11 қыркүйек аралығында Hilton Samarkand Regency ультра-заманауи қонақ үйінде өңірдің мұнай-газ химиясы жəне мұнай өңдеу секторы үшін жылдың негізгі оқиғасы «Орталық Азия мен Каспийдегі мұнай-газ химиясы жəне мұнай өңдеу» 12-ші халықаралық бизнес-саммиті өтеді.

Орталық Азия мен Каспий өңірі маңызды өзгерістер қарсаңында тұр. Назар аударатын мəселе — өңдеу қуаттарын жаңғырту қажеттілігі, көміртекті тұтынуды азайту, логистикалық проблемаларды шешу жəне экспорттық міндеттемелер, соның ішінде Қытаймен, жəне ішкі сұраныс арасындағы теңгерімді іздестіру.
Саладағы күрт технологиялық өзгерістердің, өсіп жатқан шығыстар мен өзгеріп жатқан геосаясаттың аясында Самарқандағы саммит тұрақты дамыту, жаңғырту жəне мұнай өңдеу мен мұнай-газ химиясына халықаралық инвестицияларды тарту стратегияларын талқылау үшін орталық алаң болмақ.

Саммиттің 40%-дан астам қатысушылары — бұл Қазақстаннан, Əзірбайжаннан, Өзбекстаннан жəне Түрікменстаннан келген мұнай өңдеу жəне мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі жобалардың иелері мен бастамашылары. Саммит қонақтарының арасында — өңірдің ірі сатып алушылары мен салалық көшбасшылары. Өз қатысуын растағандар: Атырау мұнай өңдеу зауыты, ҚазМұнайГаз, Uzbekistan GTL, Павлодар мұнай-химия зауыты, SOCAR Turkey, Ферган мұнай өңдеу зауыты, KMG Petrochem, Silleno жəне НавоиАзот.

Саммитке өңірдің, сонымен қатар жетекші халықаралық компаниялар мен жобалардың атынан 20-дан астам мемлекеттен келген 300-ден астам делегат қатысады, бұл оның іскерлік қарым-қатынас пен серіктестік орнату үшін негізгі алаң ретіндегі мəртебесін дəлелдеп отыр.

Үш күн ішінде қатысушылар саланың негізгі мəселелерін талқылайды: МӨЗ-ді түрлендіру, greenfield-жобалар, геосаясат пен инвестициялардың əсері, «жасыл» экономика жəне SAF, инфрақұрылымдық тосқауылдар, сонымен қатар зауыттарды жоспардан тыс тоқтату жəне оның салдары.

Саммиттің сарапшылық спикерлерінің арасында — Игорь Ильин, KMG Petrochem Басқарма төрағасы, Алишер Бахадиров, Uzbekistan GTL Бас директоры, жəне Пётр Содиловский, Veolia Water Technologies Өңір жөніндегі вице-президенті.
Биылғы жылы саммиттің бағдарламасына сонымен қатар өңірдің алғашқы газ-химиялық кластерінің негізгі буыны Uzbekistan GTL зауытына техникалық сапар кіреді. Бұдан бөлек сарапшылармен практикалық воркшоптар жəне əлеуетті серіктестермен жəне инвесторлармен дербестендірілген 1:1 кездесулер өтеді.

Бағдарлама, қатысушылар мен тіркелу талаптары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты іс-шараның сайтынан табуға болады: https://globuc.com/ru/downstream-centralasia

Ұйымдастырушы: Globuc (Ұлыбритания) — энергетика саласындағы бизнес-саммиттерді ұйымдастыруға мамандандырылған халықаралық компания.

2025 жылғы 11 сəуір
БАҚ жəне серіктестер үшін байланыстар:
Анаит Арутюнян
a.arutyunyan@globuc.com