2020

«КГНТ Құндылықтарының Амбассадоры» Конкурсы

2020 жылғы 9 қазаннан бастап 19 қарашаға дейінгі кезеңде Компанияда «КГНТ Құндылықтарының Амбассадоры» конкурсы болып өтті, оған Бас офистегі қызметкерлерден бөлек, локациядағы қызметкерлер де қатыса алды. Конкурсқа қатысу үшін қызметкерлер Компания құндылықтарының жұмыста және жеке өмірде қалайша көмектесетіні туралы эссе жазуы немесе бейне түсіруі тиіс болды. Конкурс аяқталған соң, құрамына КГНТ компаниясының Бас директоры Александра Бекишева, Бас директордың жобалау жөніндегі орынбасары – Рустем Жанзаков, Бас директордың қаржы және әкімшілік ету жөніндегі орынбасары – Екатерина Югай, экономика және бизнесті дамыту жөніндегі директордың м.а. – Айдос Демісін, бас бухгалтер – Татьяна Цой және инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Геннадий Тарасов кірген жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия дауыс беру арқылы бес фаворитті таңдады. Олардың әрқайсысы КГНТ Құндылықтарының құрметті Амбассадоры атанды! Әділ дауыс беру нәтижелері бойынша, бірауызды шешіммен басты жүлде – World Class Almaty фитнес-клубына жылдық абонемент Рысхан Жумагуловқа табысталды.

Есептелген дауыстар бойынша екінші орынға Эсмира Идоядова жайғасты. Үшінші орынды Шахрина Махаметова иеленді. Төртінші орын Альмира Сапаргалиеваға берілді және КГНТ Құндылықтарының бесінші Амбассадоры Наргиза Досимбаева болды. КГНТ Құндылықтары Амбассадорларының барлық жұмыстарын инстаграмдағы корпоративтік парақшадан көруге болады.

Жеңімпаздар анықталған соң КГНТ компаниясының Бас директоры Александра Бекишеваның өзі КГНТ Құндылықтарының Амбассадорларын құттықтап, естелік жүлделерді табыстады.

КГНТ Құндылықтарының Амбассадорларын шын жүректен құттықтаймыз және адамдарды Компанияның Құндылықтарымен рухтандыруды тілейміз! Өйткені КГНТ Құндылықтары – біз сенім артатын, күнделікті өмір жолымыздағы манар әрі құбылнама болып табылады!