2022

КГНТ командасы “Кайдзен жылына”тимбилдинг өткізді

09 қыркүйек күні “КГНТ-дағы Кайдзен жылына”, сонымен қатар Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орайластырылған тимбилдинг өтті. Бұл іс-шаралардан бөлек, сіздердің әрқайсыларыңыздың қауіпсіз мінез-құлыққа деген бейілділіктеріңіздің арқасында біз барлық локацияларда оқыс оқиғаларсыз 11 000 000 адам-сағаты шегінің табалдырығын аттағанымызды атап өттік.

Тимбилдинг ашық аспан астында және Кайдзен орталығының үздік жаттықтырушыларымен бірге өтті, олар барлық қызметкерлерге тренинг өткізді. Сондай-ақ эстафета, логикалық және командалық рухты көтеретін ойын түріндегі әртүрлі белсенділіктер ұйымдастырылды. Тимбилдингқа қатыса алмаған локациялардағы әріптестерімізге компания атынан түрлі тәттілер тарту етілді.

Әрқайсыңызға ұмытылмас уақыт өткізгендеріңіз үшін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігіне бейілділіктеріңіз бен үздіксіз дамуға деген  ұмтылыстарыңыз үшін  алғысымызды білдіреміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

code