2021

КГНТ-ға – 47 жыл!

Бүгін бәріміз үшін атаулы күн! КГНТ-ға – 47 жыл!

Міне, 47 жыл бойы, өз ісінің ең үздік кәсіпқойларының құрамында, біз бәріміз көп жылдық тарихы бар, мінсіз беделге ие, ізгі ниетті ахуалды, корпоративтік этикет пен клиенттермен жұмыс істеу қағидаттарын қалыптастырған жетекші халықаралық инжиниринг компаниясын құру тарихының бір бөлігі болып келе жатырмыз.

КГНТ-ның тарихы сонау 1974 жылдан бастау алады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің өкімі бойынша Казглавнефтеснаб жанында Арнайы жобалау-конструкторлық орталық («АЖКО») құрылды. АЖКО сәтті қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі 1985 жылы оның жұмысының нәтижелерін КСРО ХШЖК-да көрсету болып табылады.

1986 жылы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен АЖКО «КазГипроНефтеТранс» МЖИ болып қайта ұйымдастырылды. 1995 – 1996 жылдары институт маңызды халықаралық жобаны жүзеге асырды – Орталық Азия аумағында – Алматы қаласындағы алғашқы «Шеврон» АЖҚС.

2001 жылы Компанияның атауы  «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖАҚ (КГНТ) болып өзгертілді.

2003 жылы Компания заманауи атауға ие болды – «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС.

47 жыл ішінде Компания мұнай-газ саласындағы өзінің көшбасшылық мәртебесін бірнеше рет дәлелдеді.

Әріптестер, Компанияның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін әрқайсысыңызға алғысымызды айтамыз, өйткені сіздердің арқаларыңызда КГНТ-ға – алғашқы 47 жыл!

Жұмыла салған күш-жігеріміздің Қазақстан Республикасын дамыту игілігіне техникалық прогресті, үздік әлемдік практикалар мен кәсіпқойлардың тәжірибесін біріктіру болып табылатын біздің басты миссиямызға жеткізетіндігіне шын жүректен сенеміз.