КГНТ компаниясы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС үшін «АМӨЗ-де ЖЭО СҚК компрессорлық жабдықтарын жаңғырту» жобасы бойынша авторлық қадағалауды сәтті аяқтады. Жаңғырту жобасы бойынша мынадай жұмыстар көзделген болатын:
- СҚК ғимаратында қолданылып жатқан имараттарды жалғамаларымен, желілерімен бірге демонтаждауды қамтитын инженерлік дайындық;
- Қолданылып жатқан ЖЭО СҚК ғимаратында бос учаскеде «Samsung Techwin» SM5000 компаниясының ауа компрессорын монтаждау (қайта құру);
- Ауа компрессорын айналмалы салқындату үшін салқындатқыш қондырғыны (HZK-170 жабық типті градирня) монтаждау (салу);
- Компрессор мен градирняны байламдай отырып, инженерлік коммуникацияларды тарту;
- Объектіні пайдалануға ендіру.