КГНТ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды сақтай отырып, Safety 360° бағдарламасы салған бағытты сенімді ұстануда. 2019 жылдан бастап КГНТ қалдықтарды бөлектеуге көшті. Қызметкерлер қалдықтарды бөлектеп жинау мәдениетіне қолдау көрсетіп, офистен шықпай-ақ ғаламшарымызды қорғауда. Әрбір қабатта қалдықтарды бөлектеп жинауға арналған эко-бокстар орнатылды. Ай сайынғы негізде КГНТ қалдықтарды Tazalyk қосымшасы арқылы өңдеуге өткізеді, осылайша эко-үлесін қосып жүр.
Ғаламшарымызды қоқыстан сақтап қалайық!