Safety 360» бағдарламасы» қауіпсіз еңбек мәдениетін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың жақындарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған!
КГНТ онлайн режимде «Персоналдың ТЖ туындаған кездегі әрекеттері» оқу-жаттығу сабағын өткізді. Карантиндік шаралар жалғасып жатқандықтан және бір учаскеде адамдар көп жиналатын іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынғандықтан оқу-жаттығуды онлайн трансляция форматында өткізу шешілді. Өртке қарсы ден қою командасының әрекеттері, эвакуациялау жолдары мен персоналдың әрекеттері талқыланды.
Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға немқұрайлы қарамайық және өзіміз бен жақындарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып көбірек күш салайық!