2021

КГНТ «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты жыл сайынғы 8-ші конференцияға қатысты

2021 жылғы 9 және 10 қарашада Өзбекстан Республикасының астанасы – Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «KAZENERGY» қауымдастығының ресми қолдауымен GLOBUC компаниясы – Англияда, Лондонда іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі агенттік ұйымдастырған «Каспий мен Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты жыл сайынғы 8-ші конференция өтті.

КГНТ конференцияның жұмысына делегациясы мұнай-газ секторындағы негізгі қазақстандық инжинирингтік компания ретінде қатысты. КГНТ дәстүрлі түрде аталған конференцияның салалық серіктесі болды және біздің логотип барлық жарнамалық материалдарда қамтылды. Конференцияның жұмысына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Қырғызстан мемлекеттерінің мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия компаниялары, сонымен қатар Өзбекмұнайгаз,  KLPE,  Узкимесаноат,  ҚазМұнайГаз,  SOCAR,  Jizzakh Petroleum,  Enter Engineering,  Eriell, Газпромнефть,  Навоиазот сияқты технологиялар және инжиниринг саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың, Өзбекстан Энергетика министрлігі басшылығының 260-тан астам өкілдері қатысты.

Конференция дәстүрлі түрде өңірдегі мұнай өңдеушілер мен мұнай-химия компанияларының әлеуетті жеткізушілермен тілдесуі, салаға арналған шешімдер мен жабдықтарды талқылау үшін алаңды құрды, бұл ретте бірінші тұлғадан алған бірегей ақпарат және жаңалықтармен және пікірлермен алмасу мүмкіндігі Орталық Азия мен Каспий өңірінде бизнес дамытуды жоспарлайтын барлық тұлғалар үшін белсенді және бетпе-бет тілдесу ахуалын қалыптастырды