2026 жылғы 15 қаңтар күні Астана қаласында KazEnergy Қауымдастығының алаңында мұнай-газ химиясы жобаларындағы жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, оған КГНТ инжиниринг компаниясы отандық инжинирингтің өкілі ретінде белсенді қатысып қайтты.
Отырыстың шеңберінде КГНТ қазақстандық инжинирингтік компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды ірі мұнай-газ химиясы жобаларының іске асырылуына, соның ішінде инжиниринг, жабдықтарды жеткізу және құрылысты сүйемелдеу кезеңдеріне жүйелі тарту маңыздылығын атап өтті. Жергілікті қамтудың үлесін арттыру мен ел ішінде жеткізудің тұрақты тізбегін қалыптастыру бойынша тәжірибелік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша зауытты және газ сепарациялық кешенді салу жобалары талқылаудың негізгі тақырыптары болды. Қатысушылардың пікірінше қазақстандық компаниялардың осы жобаларға қатысуын, соның ішінде инжинирингтік қызметтер мен аса маңызды жабдықтарды оқшаулау бөлігінде қатысуын кеңейту үшін зор әлеует бар.
Отырысқа бейінді мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтар мен талдау орталықтарының өкілдері, сонымен қатар Tecnicas Reunidas және Tecnimont сияқты халықаралық EPC-мердігерлер қатысты. Шетелдік бас мердігерлермен жүргізілген диалог қазақстандық компанияларды халықаралық EPC-тізбектеріне интеграциялау мүмкіншілігін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді.
Кездесудің қорытындылары бойынша ұсыныстар, соның ішінде мұнай-газ химиясы саласы үшін негізгі тауарлар мен қызметтердің өндірілуін оқшаулауға бағытталған КГНТ ұсынған бастамалар қарастырылды, сондай-ақ ауқымды инвестициялық жобалардағы жергілікті қамтудың үлесін арттыруға кедергі келтіретін негізгі тосқауылдар мен шектеулер белгіленді.