2020

КГНТ Алматы қаласының “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕАҚ-ға 1000-нан астам бетке арналған қорғаныс қалқандарын тапсырды

23.06.2020 ж. Бүкіл әлемде коронавирустық инфекция өршіген тұста халықпен үнемі байланыста болатын қызметкерлер үшін тиісті ЖҚҚ-ның жетіспеуі жаһандық проблемаға айналды. Осыған байланысты, «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС қызметкерлері коронавирустық инфекцияны жұқтыру тәуекелі жоғары болатын орындарда және адамдармен үнемі байланыста болатын барлық ниет білдірген ұйымдарға көмек көрсету мақсатында компанияның қабырғасында бетке арналған қорғаныс қалқандарын (қалқаншаларын) дайындау бойынша еріктілер штатын тарта отырып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруді шешті.

2020 жылғы 23 маусым күні «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС бетке арналған қорғаныс қалқандарын 1050 данада пайдалану жөніндегі нұсқаулығымен бірге  Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО-сына тапсырды. Алматы қаласы бойынша ХҚКО орталықтарында 960 қызметкер жұмыс істейді, және бетке арналған қорғаныс қалқандары барлық қызметкерлерге берілетін болады.

КГНТ халықпен үздіксіз байланыста жұмыс істейтін ұйымдардағы қызметкерлердің денсаулығына немқұрайлы қарамайтын компания болып табылады. Компания олардың әрқайсысына ауыр жұмысы мен өз ісіне берілгендігі үшін алғысын айтады және өз ишаратымен басқа компанияларды жоғарыда аталған ұйымдарға қолдан келерлік көмек көрсетуге шақырады!