50 жыл бұрын, 1974 жылғы 20 мамырда Қазақ СРО Министрлер Кеңесінің өкімімен Казглавнефтеснабе жанында Арнайы Жобалау-Құрастыру бюросы («АЖҚБ») құрылды. Жарты ғасыр ішінде Компаниямыз шағын жобалау-конструкторлық бюродан әлемдегі жетекші компаниялармен серіктестік пен ынтымақтастықты белсенді дамытып жатқан Қазақстанның мұнай-газ саласында танылған көшбасшыға айналды.
Өзінің көпжылдық тарихында КГНТ мұнай-газ және энергетикалық саланың 1800-ден астам объектілерін жобалар, пайдалануға ендірді. Біздің Компаниямыз тұрақты негізде өзінің өндірістік базасын, кадрлық әлеуетін және жобалау, жобаларды басқару және инжиниринг процестерін дамытып келеді.
Соңғы жылдары мұнай-газ кен орындарын жайластыру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-газ құбыры көлігі, теңіз мұнай-газ инфрақұрылымы, мұнай-газ химиясы, тау-кен өнеркәсібі бөлігінде КГНТ-ның функционалы едәуір кеңейді. Біз ТСО үшін «Болашақта кеңейту жобасы (БКЖ СҚБЖ)», KPO үшін «Қарашығанақ кен орнын кеңейту жобасы», Total үшін «Дунга кен орнын игеру жобасы үшін жобалау – 3-фаза», «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу. Полиэтилен өндіру», «Атырау, Павлодар және Шымкент МӨЗ-ін реконструкциялау және жаңғырту» сияқты көптеген ірі жобаларды және басқа жобаларды іске асырдық. Бұл жобалар қызметкерлеріміздің дамуына, компаниямыздың өркендеуіне ықпалын тигізіп қана қоймай, сонымен қатар еліміздің экономикасына қомақты үлес қосты.
Біз жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктердің қарсаңында тұрмыз. Бүгін КГНТ-ның алдында жаңа міндеттер тұр, өйткені Компания еліміздегі мықты ойталқы орталығының бірі бола отырып, өзінің қызмет саласын және жобалардың географиясын кеңейтті. Жүріп өткен жолымыз бізге жұмыла отырып біз кез келген кедергілерді еңсеріп, жаңа белестерге қол жеткіземіз деген сенім ұялатады.
Біз әрбір қызметкерге кәсіпқойлығы, қызметке деген шығармашылық көзқарасы, жігерлігі мен жетістікке жету талпынысы үшін алғысымызды айтамыз!