КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді – оқыс оқиғалар және оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 8 000 000 адам-сағат! Аталған оқиға компанияда қолданылатын «Safety 360» бағдарламасының, сондай-ақ үлкен ұжымның еңбек қауіпсіздік саласында салған бірлескен күшінің арқасында орын алды. «Safety 360» бағдарламасы қауіпсіз еңбек мәдениетінің деңгейін арттыруға және қауіпті факторлардың қызметкерлер мен олардың туыстарының өмірі мен амандығына тиетін әсерін барынша азайтуға бағытталған.
Осы оқиғаға орай компания қауіпсіздік мәдениетін жалпы дамытуға бейілділік пен қосқан үлесі үшін әрбір қызметкерге естелік кәдесыйлар дайындады.
Компанияның әкімшілігі өзінің әрбір үндеуінде бірыңғай ойды жолдайды: «Қауіпсіздік өзімізден басталады, сондықтан айналамыздағы адамдарға бей-жай қарамайық және өзіміз бен туыстарымыз үшін қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы барынша күш салайық!»
КГНТ қауіпсіздік саласындағы жаңа нәтижеге қол жеткізді – оқыс оқиғалар және оқиғалар бойынша нөлдік көрсеткішпен 8 000 000 адам-сағат!

03
Жел