КГНТ Қазақстанның ірі мұнай-химия жобасына қатысушылар қатарында
Қазақстанда EPC-мердігерлер ретінде Tecnimont S.p.А (Италия) және SINOPEC Shanghai Engineering Co Ltd (Қытай) қатысуымен салынып жатқан қуаты жылына 1,2 млн тонна полиэтилен өндіретін зауытқа жаңа серіктес болып – «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-мен (КГНТ) толықтырылды.
2025 жылғы 12 тамызда КГНТ SINOPEC Shanghai Engineering компаниясымен жұмыс жобалық құжаттамасы бойынша жұмыстардың бір бөлігін орындауға, сондай-ақ жобалық шешімдерді қазақстандық нормалар мен стандарттарға бейімдеуге келісімшартқа қол қойды.
КГНТ үшін бұл маңызды келісімшарт қана емес, сонымен қатар қазақстандық инженерлердің кәсіби құзыреттілігін халықаралық деңгейде тану. Біз еліміздің барлық экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар және Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласындағы ұстанымын нығайтатын жобаны іске асыруға үлес қосу мүмкіндігін мақтан тұтамыз.