2020

КГНТ компаниясы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) үшін «Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенін салу» объектісінің құрылысын авторлық қадағалау бойынша барлық міндеттемелерді мерзімінде орындады.

Мұнайды терең өңдеу кешенін (МТӨК) салу жобасы — АМӨЗ-ді толық жаңғыртудың соңғы кезеңі. «АМӨЗ-де МТӨК салу» жобасы ҚР аумағында автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентпен бекітілген іс-шараларды орындау аясында іске асырылады және Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламада көзделген.

Аталған кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізатты (мазут, вакуумдық газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғары октанды бензинді, авиациялық және дизель отынын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын жылына 5,5 миллион тонна мұнай өндірген жағдайда, АМӨЗ 1 миллион 745 мың тонна автомобиль бензинін, 1 миллион 640 мың тонна дизель отынын, 244 мың тонна авиациялық керосинді шығаратын болады. Отынның барлық түрлері «Евро-5» стандартына сәйкес болады.