«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ (бұдан әрі мәтін бойынша «КГНТ») тұрақты, қарқынды түрде дамып келе жатқан Компания болып табылады.
КГНТ штатында 700-ден астам білікті мамандар жұмыс істейді, олар өз жұмысында нәтижеге бағытталған, бұл сөзсіз Компанияға өз қызметінде жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Компанияның қызметкерлері –өздерін жақсы жағынан көрсете алған Қазақстан Республикасындағы және Шетелдегі үздік ЖОО-лардың түлектері. Компания құрылған күннен бастап қызметкерлердің мансабы өсіп келеді, олар өздерін шетел тілін білетін жоғары санатты кәсіпқой екенін көрсетіп отырады. Көптеген қызметкерлер Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»халықаралық стипендиясының иегерлері болып табылады.
Егер Сіз өзінің кәсіби дағдыларын үнемі арттырып отыратын білікті маман болсаңыз және жауапкершілік, нәтижеге бағытталу, адалдық, мақсаткерлік сияқты жеке құзыреттіліктерге ие болсаңыз, түйіндемеңізді job@kgnt.kz электрондық поштасына жіберіңіз және хатта талаптанатын лауазымды көрсетіңіз не болмаса Компанияның сайтындағы «Мансап» бөліміндегі сауалнама нысанын толтырыңыз.