БОС ОРЫН
Жоба басқарушысы
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Тапсырыс берушінің алдында инженерлік топтың мүддесіне өкілдік ету;
- Клиент ұсынған тұжырымдаманың/базалық жобаның тексерілуін және ескертулердің берілуін үйлестіру;
- Тұжырымдамалық/базалық жоба кезеңдерінде құрылысқа бекітілді статусына дейін жобалау жұмысын басқару;
- Компанияда бекітілген қажетті есептілікті басқару және кестеге сәйкес жобалық құжаттаманың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
- Жоба бойынша өзгертулерді енгізу процестері мен рәсімін басқару;
- Ұсынылатын өзгертулерді жобалау жұмыстарының көлемінде және тиісті шығындар мен мерзімдерді бағалау;
- Компания мен жобаның сапаны бақылау талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
- Жобаның шарттың міндеттерге сәйкес болуын тексеру;
- Жобалау жұмыстарын жоспарлау және персоналға деген қажеттілікті анықтау, жобаның ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- Жобаның жоспарлануын және жобаны іске асыру үшін қажетті бүкіл қызметті бақылау, уақыттың, шығындар мен сапаның келісілуін және бақылануын қамтамасыз ету;
- Жобалау және сатып алу бойынша жұмысты тікелей басқару/үйлестіру;
- Жоба үшін материалдарға және/немесе жабдықтарға арналған өтінімдердің шығарылуын үйлестіру;
- Жұмыстың орындалуын бақылау және қажетіне қарай басымдылықтарды ауыстыра отырып, кідірістерді, бюджеттің артуын және сапа саласында белгіленген мақсаттарға қайшы келетін жағдайларды болдырмау немесе барынша азайту үшін талап етілуі мүмкін кез келген шараларды қабылдау;
- Белгіленген жобалау тапсырмасына сәйкес жоба бойынша техникалық құжаттаманың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
- Жоспарланған кестеге сәйкес Тапсырыс берушіге жұмыстардың барысы туралы есептердің шығарылуын қамтамасыз ету;
- Тапсырыс берушіге ақпараттық және қызметтердің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету;
- ҚР нормативтік талаптарының, Тапсырыс беруші сипатқұжаттарының, техникалық тапсырмалары мен рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- Жобалау кезіндегі тәуекелдердің және тәуекелдерді шешу/болдырмау/жеңілдету қағидаттарының бағалануын қамтамасыз ету;
- Мердігер мен компанияның арасында деректер мен ақпараттың үздіксіз және тиімді берілуін қамтамасыз ету;
- Басқарушылық ақпаратпен тиімді алмасу мақсатында әріптестермен және барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету;
- Жобалау кезінде ДЕҚОҚ және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі барлық тиісті рәсімдердің қолданылуын қамтамасыз ету;
- Компанияның біріктірілген сапа менеджменті жүйесін үнемі жақсарту, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу, рәсімдемелерді жақсартуға бастамашылық білдіру және өзгесі арқылы оны қолдау;
- Жобаларды басқару бойынша құжаттардың шығуын қамтамасыз ету (Жарғы, Жоба мазмұны, Жобаларды басқару жобасы);
- Тапсырыс берушімен келіссөздер жүргізе алу.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан бастап;
- MS Office, Outlook, Primavera, MS Project бағдарламаларын білу;
- Ағылшын тілі деңгейі: еркін;
- Жеке қасиеттері: командада жұмыс істей білу, тіл табысушылық, күйзеліске төзімділік, бастамашылдық.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
Жоспарлау және бақылау жөніндегі менеджер
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Менеджерге бекітілген жобалардың бюджеттерін қадағалау;
- Жобаларда бекітілген мерзімдерде, ай сайынғы негізде, бекітілген таймшиттерге және еңбекақы төлеудің сағаттық мөлшерлемелеріне сәйкес тапсырыс беруші өтейтін еңбек шығындарын тексеру;
- Төлем шотын уақтылы ұсыну, орындалған жұмыстар актілерін ұсыну және оларға қол қойылуын бақылау;
- Жобалардың шығыс бөлігіне мониторинг жүргізу;
- Жобаның қызметкерлерін қабылдауға, ауыстыруға, жұмыстан шығаруға арналған қызметтік жазбаларды ресімдеу;
- Жобалар жөніндегі есептерді дайындау;
- Тапсырыс берушілермен және қосалқы мердігерлік компаниялармен өзара есеп айырысуға мониторинг жүргізу;
- Тапсырыс берушімен салыстыру актілеріне қол қоюды үйлестіру;
- Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесіне оны үнемі жақсарту, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу, рәсімдемелерді жақсартуға бастамашылық жасау және өзгесі арқылы қолдау көрсету;
- Тапсырыс беруші жасаған төлемдерді бақылау;
- Жобалар бойынша құжаттарды мұрағатқа өткізу;
- Жобада құжат айналымын жүргізу;
- Жобалар мен құрылысты басқару жөніндегі басқарушы директор мен Жобаларды басқару офисі үйлестірушісінің жобалар бойынша тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан бастап;
- Microsoft Office (Word, Exсel, Power Point, Access, Outlook)бағдарламалар пакетін білу;
- Ағылшын тілін білу: Intermediate; Қазақ тілін білу: қошталады;
- Жеке қасиеттері: тіл табысушылық, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік, ұсақ-түйекке мұқияттылық, белсенді өмірлік ұстаным.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
Бас маман-сметашы
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Сметалық құжаттаманы әзірлеуге басқа бөлімдердің қызметкерлерінен тапсырмалар алу;
- Алынған тапсырмалардың тізімін құру және өзекті деректерді тіркей отырып, орындалу күйін қадағалау;
- Жергілікті сметаны құру;
- Қажетті жобалық құжаттаманы іріктеу;
- Жобалық құжаттамалармен танысу және деректердің толықтығын тексеру;
- Сызбалардың тізілімін құру;
- Жұмыстар көлемінің тізімін құруға қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты іріктеу;
- Тізбедегі жұмыстардың түрін сипаттау;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін сызбалар бойынша есептеу;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін сипаттамасы бойынша есепетеу (жабдықтар, мүкәммал және т.б.);
- Жұмыстар көлемінің тізімімен танысу және жергілікті сметаны құру үшін қажетті нормативтік анықтамалық құжаттаманы іріктеу;
- Жұмыс көлемінің тізімін есепке ала отырып бастапқы деректерді құру;
- Жұмыстар көлемінің тізімін есепке алынбаған құрылыс-монтаждау жұмыстары мен шығыстардың түрлерін анықтау және бастапқы деректерге енгізу;
- Нормативтік-анықтамалық құжаттамаға жеке баға іздестіру;
- Нормативтік құжаттамада қарастырылған түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен шығыстардың бірлік құнын анықтау (есептеу);
- Жұмыстар көлемі мен шығыстарды жұмыстар көлемі мен түзету коэффициенттеріне сәйкес анықтау;
- Объектілік сметаны құру;
- Объектілерге жергілікті сметалардың нәтижелері бойынша деректер жинау;
- Объектілік смета бойынша нәтижелерді есептеу, объектілік сметаны тексеру;
- Сметалық құжаттаманың түпнұсқасын дайындау (жергілікті және объектілік смета және негізгі парақ);
- Сметалық құжаттаманы басып шығаруға беру және көбейту;
- Көбейтілген сметалық құжаттаманы алу;
- Сметалық құжаттаманы жинақтау;
- Сметалық құжаттаманы түптеуге беру (мұқаба);
- Сметалық құжаттаманың түпнұсқасын ЖБИ-ға беру.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Басқарушы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
- MS Word, MS Excel, АВС-4 (жаңа енгізулерді есепке ала отырып) бағдарламаларын білу;
- Жеке қасиеттер: жауапкершілік, нәтижеге бағдар, проактивтілік.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
Бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директордың орынбасары
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Компанияға әрі қарай шарт жасасатындай жаңа жобаларды іздеу;
- Қазіргі Тапсырыс берушілермен өзара іскерлік қарым-қатынасты ұстану;
- Жаңа Тапсырыс берушілермен ұзақ мерзімді іскерлік қатынас құру;
- Кездесулерге, жиналыстарға қатысу;
- Қызмет көрсету сұратуларын алуға қатысу, тендерге қатысу туралы ұсыныстарға мониторинг жүргізу;
- Тендерге қатысудың экономикалық пайдасын талдау және талдау нәтижелері бойынша басшылыққа тиісті ақпарат пен материалдарды дайындау;
- Қажетті конкурстық құжаттаманы сұрату, талаптарымен танысу және ақпараттық қолдау көрсету;
- Тапсырыс берушіге тендерлік ұсыныстарды уақтылы ұсыну бойынша жұмыстарға басшылық жасау;
- Қалыптасқан тендерлік топтаманың Компанияның тендерлік ұсыныстарын дайындау жөніндегі ішкі рәсімдер талаптарына толық сәйкестігін ескере отырып, сондай-ақ Тапсырыс беруші тендерге қатысушыларға арналған нұсқаулықтарда немесе кейіннен ресімдей отырып, ұқсас сипаттағы құжаттарда көрсеткен талаптарды ескере отырып, компания қатысатын тендерлер үшін тендерлік ұсыныстарды қалыптастыруды және жинақтауды бақылау;
- Өтінімдердің техникалық бөлігінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін талдау;
- Дипломатиялық хат алмасу, тендерлердің ұйымдастырушыларымен келіссөздер жүргізу, құжаттаманы түсіндіру;
- Құжаттама пакетін дайындауға қатысу және коммерциялық ұсыныстар мен тендерлер бойынша ақпарат ұсыну;
- Тендерлерге қатысу үшін жеткізу шарттары, кепілдік, қажетті сертификаттар, лицензиялар туралы ақпарат беру;
- Тапсырыс берушінің қарауына құжаттаманы жіберу;
- Тендерлердің қорытындылары шыққанға дейін тендерлік өтінімдерді қарастыру процесін бақылау;
- Тендерлік ұсыныстарды дайындау кезінде жұмыс топтарын үйлестіру;
- Бөлімнің жұмысын үйлестіру және бақылау.
Талаптар:
- Жоғары техникалық білім (болғаны жөн) немесе экономика/менеджмент/ іскерлік әкімшілік ету саласындағы жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
- Мұнай және газ саласындағы жұмыс тәжірибесі 4 жылдан кем емес;
- TCO, NCOC және KPO тапсырыс берушілерімен жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Ағылшын тілі деңгейі: еркін;
- Тендерлік ұсыныстарды дайындау процесінің теориясы мен прктикасын білу, ҚР сай тендерлерді дайындау және қатысу;
- Заманауи техникалық коммуникация құралдарын, байланыс және есептеу техникаларын қолдану арқылы ақпаратты өңдеу әдістерін білу;
- Жеке қасиеттері: тіл табысушылық, жауапкершілік, көшбасшылық, икемділік және күйзеліске төзімділік.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
ЖЖАБ инженері
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Бұрын орындалған жобалар бойынша жіберілген қателерді талдау нәтижелері мен олардың қайталанбауы туралы ұсыныстарды назарға алу;
- Сызбалар мен схемаларды әзірлеу және жобалаудың барлық кезеңдеріндегі есептерді орындау;
- Жобалауға арналған бастапқы материалдарды жинау және алу бойынша жеке тапсырмаларды орындау;
- Жетекші инженермен, бас маманмен негізгі шешімдерді келісу;
- Байланысты бөлімшелерден тапсырмаларды алу және беруге қатысу;
- Жетекші инженерге, бас маманға ғимараттағы анықталған жетіспеушіліктер туралы тікелей хабар беру;
- Жетекші инженердің, бас маманның және норма бақылаушысының ескертуінен кейін жобалық материалдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
- Материалдар мен бұйымдарға МЕМСТ, каталогтар, стандарттарды, типтік жобалық шешімдерді, қайта қолдануға арналған сызбаларды қолдану;
- Басшылықтың нұсқауымен жобаға арналған жабдықтарды іріктеу бойынша жұмыстарды атқару;
- Жобаның жобалаудың техникалық тапсырмалары мен байланысты бөлімшелердің тапсырмаларына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Міндеттелген өндірістік тапсырсмалардың қажетті сапада және белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету;
- Жобалау кезінде қолданыстағы құрылыс нормалары мен қағидаларын ұстану;
- Әзірленіп жатқан жобалық құжаттаманың ҚР-ның қолданысындағы бейінді нормативтік-техникалық талаптарға және жобалау тапсырмаларында көрсетілген басшылық құжаттарға (егер соңғылары ҚР-ның қолданысындағы қауіпсіздік нормаларына қайшы келмейтін қосымша талаптарды қамтыса, немесе бұл нормаларды қатаңдатса) сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Басшылықтың тапсырмасымен жобаның байланысты бөлімдері үшін келісілген жобалық шешімдердің дұрыстығын тексеру және келісімдерге қол қою;
- Жобаны әзірлеуге арналған алынған бастапқы деректерді уақтылы қарастыру;
- Орындалған жұмыстар бойынша инженерге белгіленген есептілікті құрастыру;
- Жетекші инженердің, бас маманның, бөлім бастығының тапсрымаларын, соның ішінде жобалық құжаттаманы және есептілік құжатын рәсімдеу бойынша тапсырмаларды орындау;
- Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесіне оны үнемі жақсарту, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу, рәсімдемелерді жақсартуға бастамашылық жасау және өзгесі арқылы қолдау көрсету.
Талаптар:
- «Жылу энергетикасы», «Жылумен жабдықтау және желдету» мамандығы бойынша жоғары білім;
- Жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес;
- MS Office, AutoCAD бағдарламаларын білу;
- Жеке қасиеттері: жауапкершілік, тіл табысушылық, күйзеліске төзімділік, орындаушылық, икемділік.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
Бағдарламашы .net, sharepoint
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Тапсырмалардың белгілі техникалық шешімдеріне сәйкес бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
- Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және сүйемелдеу;
- Компанияда енгізілген бағдарламалық жасақтаманы пысықтау және қолдау;
- Компанияның қызметкерлеріне пайдалануға енгізілген бағдарламалармен жұмыс бойынша кеңес беру және оқыту;
- Бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және қажетті техникалық құжаттаманы рәсімдеу;
- Сектор пайдалануға енгізген бағдарламалардың деректер базасына әкімшілік ету.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Asp.net,C#, SQL, HTML, JavaScript, CSS MS SQL әкімшілендіру, MS SharePoint бағдарламаларын білу;
- Жеке қасиеттер: жауапкершілік, тіл табысушылық, тез үйрену, жылдамдық, күйзеліске төзімділік.
Шарттар:
- ҚР ЕК-ға сай рәсімдеу;
- Жұмыс кестесі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz
Сумен қамту және су бұру жөніндегі жетекші инженер
Қала:
Алматы
Міндеттер:
- Сумен қамту, су бұру, өртке қарсы сумен қамту бөлімі бойынша негізгі жобалық шешімдерді әзірлеуге қатысу және қабылдау;
- Сумен қамту және су бұру бойынша ішкі және сыртқы желілерді гидравликалық есептеу;
- Су дайындау және сарқынды суларды тазарту бойынша жабдықтарды іріктеу;
- Жобалау үшін бастапқы деректерді жинау және алу.
Талаптар:
- Жоғары білім;
- Сумен қамту және су бұру бойынша сорғы станциялары мен резервуарларды жобалау тәжірибесі;
- Іссапарға бару мүмкіндігінің болғаны жөн;
- Жеке қасиеттері: жұмысқа деген риясыз көзқарас, жауапкершілік, тіл табысушылық, командада жұмыс істей білу.
Шарттар:
- Ресімдеу ҚР ЕК-ға сәйкес;
- Жұмыс режимі: 5/2.
Байланысу:
эл. пошта: job@kgnt.kz