2021

КГНТ-да Балаларды қорғау күніне орай өткен қайырымдылық жәрмеңкесінің қорытындылары

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай КГНТ бес баласы бар және дәрігерлер бір баласының диагнозын әлі де қоя алмаған көпбалалы жалғызбасты анаға қаражат жинау үшін қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Әрбір қызметкер өзіне және өз жақындарына тәттілерді сатып ала алды, ал түскен барлық қаражатты біз көпбалалы ана – Сұлтанова Асемгүл Егінбаевнаның қолына табыстадық (суретті карусельден қараңыз).

Құрметті әріптестер, Асемгүлдің, сондай-ақ Компанияның атынан жәрмеңкеге белсенді қатысқандарыңыз үшін Сіздерге үлкен алғысымызды білдіреміз.

Осы жағдайды пайдалана отырып, барлықтарыңызды осы ізгі мерекемен құттықтаймыз және әрқайсысымыздың планетамыздың ең кішкентай тұрғындарының өмірін неғұрлым жақсы және қауіпсіз етуге әрқашан ұмтылуын тілейміз.