VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН

Жобадағы күрделі инженерлік жүйелерді талдау немесе болашақ офистің дизайн интерьерін көрсету қазір виртуалды шындық (VR) технологиясы арқылы мүмкін болып отыр. «Екі рет шерту» арқылы VR қолдану перспективасы сәулет-құрылыс ортасында шынайы болып келе жатыр. Жобаның ішінде жүру иллюзиясын жасай отырып, VR сізді толығымен компьютерлік бағдарлама жасап шығарған әлемге көшіреді.

logo_vrkgnt12
VR

Сәулетшілер, конструкторлар, жобалаушылар объектінің ақпараттық моделін – BIM-модельді жасап шығарды, ал клиент арнайы гарнитура немесе жай ғана мобильді телефон арқылы әлі салынбаған объектінің ішінде жүріп өте алады. Бұл құрылыс басталғанға дейін ғимараттың ішінде жүруге және онымен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. КГНТ командасы мұндай кері байланыстың жұмысты жылдамдататындығына және оңтайландыратындығына, ең алғашқы кезеңдерде неғұрлым негізделген жобалау шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретіндігіне сенімді. VR технологиясы әсіресе EPC компаниялары үшін өзекті. Күрделі инженерлік жүйелер жөніндегі ұсыныстарды қолдағы қағаздармен ғана дәлелдеу өте қиын. Осы немесе өзге техникалық шешімді 3D модельде түсіндіру, әсіресе егер көрсету процесі шому әсерімен жүретін болса, әрине жеңіл болады, VR ақпараттың меңгерілуін едәуір жеңілдетеді. Барлық сызбалар сол үшін жасалатын 3D моделіне сілтеме жасау едәуір оңай. Егер ол дұрыс болатын болса, барлық құжаттар да дұрыс деген сөз. Әдеттегі мониторда мұндай модельмен жұмыс істеу тиімді емес. Виртуалды шындық модельге бірнеше қатысушыға шомуға мүмкіндік береді.

Виртуалды шындық технологияларын өнеркәсіптік өндірісте қолдану әлеуеті зор:

  • оқыту және жаттығу құрылғысы;
  • виртуалды кеңестер;
  • интерактивтік жобалау;
  • жабдықтарға диагностика жасау, күтім жасау және жөндеу;
  • адамның көру органдарына көмекке машиналық сенсорлар;
  • объектілердің 3D модельдерін бірге қабылдау;
  • құрылыс барысын қашықтықтан бақылау.
pic1