ЗЕРТТЕУ

ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕСТІРУ – кез келген жобаны әзірлеу үшін қажетті негіз болып табылады.

Мысалы, жаңа құрылыс, объектілерді қайта құру, күрделі жөндеу және қалпына келтіру жобаларын әзірлеу үшін қажет.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың іздестіру бөлімі инженерлік-іздестіру жұмыстарының толық кешенін орындайды:

ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ

 Жергілікті жердің жағдайы мен бедері, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстар (жер бетіндегі, жерасты және жерүсті) және құрылыс аумағын кешенді бағалау және объектілерді жобалауды, салуды, пайдалану мен күрделі жөндеуді негіздеу үшін қажетті басқа жоспарлау элементтері туралы топографиялық-геодезиялық материалдар мен деректердің алынуын қамтамасыз етеді.

  • Жоспарлы координаттардың жергілік жүйесі мен биіктіктердің мемлекеттік жүйесінде геодезиялық жұмыстарды кейіннен жүргізу үшін геодезиялық негізді жасау және жергілікті жерде бекіту
  • Мемлекеттік геодезических пункттер мен реперлерден геодезиялық желілерді дамыту

777-crop-u23672
oii555

  • Тапсырыс беруші ұсынған құжаттарға сәйкес жер учаскелерінің, бұрылу нүктелерінің шекараларын натураға шығару.
  • 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000, 1:10000 масштабтарының топографиялық жоспарлары үшін нормативтерде белгіленген далалық жұмыстардың дәлділігімен жергілікті жердің топографиялық түсірілім
  • Жасырын инженерлік коммуникацияларды табу және үйлестіру
  • Коммуникациялардың (далалық трассалау), контурлардың, нүктелердің осьтерін натураға шығару
  • Инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу үшін бастапқы және рұқсат құжаттамасын қалыптастыру
  • Геодезиялық желілерді теңестіру, жоспарлы және биіктік желілердің тізімдемесін әзірлеу
  • 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабтарының инженерлік-топографиялық жоспарларын жасау
  • Кез келген күрделі құрылыстар мен объектілерді лазерлік 3D сканерлеу және кейіннен 3D моделін жасау
  • Жүргізілген жұмыстар туралы техникалық есептерді әзірлеу

ИНЖЕНЕРЛІК-ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ІЗДЕСТІРУ

  • Жобаланатын құрылыс аумағының инженерлік-геологиялық жағдайларын, соның ішінде бедерін, гелогиялық құрылымын, геоморфологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын, құрамын, топырағының жай-күйі мен қасиеттерін, геологиялық және инженерлік-геологиялық процестерді кешенді зерделеуді және құрылысты жобалық дайындауды, соның ішінде құрылыс объектісін инженерлік қорғау және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын негіздеу үшін қажетті және жеткілікті материалдарды алу мақсатында жобаланатын объектілердің геологиялық ортамен өзара әрекет ету саласында инженерлік-геологиялық жағдайлардың ықтимал өзгеруін болжауды қамтамасыз етеді.
  • өткен жылдардағы іздестіру және зерттеу материалдарын жинау және өңдеу
  • барлаушылық зерттеу
  • тау-кен қазындыларын ұңғылау
  • геофизикалық зерттеу жұмыстары
  • топырақты далалық зерттеу жұмыстары
  • гидрогеологиялық зерттеу жұмыстары
  • материалдарды камералдық өңдеу және техникалық есепті (қорытындыны) әзірлеу

23-u416
Персонал мен пайдаланылатын жабдықтардың техникалық деңгейі заманауи ғылыми-техникалық стандарттар мен талаптарға жауап береді.

Бөлімнің қызметкерлері кәсіптік қызмет саласындағы нормалар мен талаптарға сәйкес біліктілікті, кәсіптік дағдыларды арттыру және сертификаттаудан өту мақсатында жүйелі түрде оқудан өтіп тұрады.

Пайдаланылатын жабдықтар жыл сайын Қазақстан Республикасындағы аккредиттелген метрологиялық зертханаларда аттестациядан өтеді.

ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖАБДЫҚТАР

  • КамАЗ негізіндегі ПБУ-2 бұрғылау қондырғысы – құрылыс жұмыстарын орындаған кезде инженерлік-геологиялық, сейсмикалық-барлау, гидро- және геологиялық-барлау, сонымен қатар әртүрлі нысаналы мақсаттағы ұңғымаларды бұрғылау үшін арналған
  • Камаз негізіндегі УСЗГ-20.01 топырақты статикалық зондтау қондырғысы – топырақтың параметрлерін анықтау мақсатында зондтау сайманын топыраққа кіргізу үшін қызмет атқарады
  • Toyota HILUX пикап көлігі. Далалық іздестіру кезінде жол жүру және көшіру үшін арналған

ҰСҰА-НЫ (ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТТАРЫ) ПАЙДАЛАНУ

Наш отдел постоянно расширяет уровень своих возможностей в новых методах инженерных изысканий, с целью получения цифровых моделей объектов не только с помощью наземного лазерного сканирования, но и получения облаков точек для создания 3D моделей объектов методом фотомоделирования с применением БПЛА Квадрокоптера Dji Inspire 2 С Камерой X4s.
Фотограмметрия немесе фотомодельдеу — үш өлшемді сандық бетті фотосуреттер топтамасынан қалпына келтіруге мүмкіндік беретін технология. Ол әдетте шынайы әлем объектілерінің дәлдігі жоғары 3D-модельдерін жасау үшін қолданылады.

КГНТ объектілерін сандық модельдерін жерүсті лазерлік сканерлеу арқылы алу ғана емес, сонымен қатар X4s камерасы бар Dji Inspire 2 ҰСҰА квадрокоптерін пайдалана отырып фотомодельдеу әдісімен объектілердің 3D моделін жасау үшін нүктелер бұлтын алу мақсатында инженерлік іздестірудің жаңа әдістерінде өз мүмкіндіктерінің деңгейін ұдайы кеңейтіп отырады.