ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
Еңбек қауіпсіздігі, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау аспектілері «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-тың («КГНТ») жалпы жетістікке жету жолындағы ең маңызды құндылық болып табылады.
КГНТ компаниясында еңбек қауіпсіздігін, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғауды (ЕҚ, ДжҚОҚ) қамтамасыз ету бойынша жұмыс Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға, ведомстволық нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілерге, сондай-ақ Компанияның сапа менеджменті, экология, кәсіптік қауіпсіздік және денсаулықты қорғау саласындағы саясатына сәйкес жүргізіледі.
Компанияның саясаты Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын еңбек қорғау бөлігінде бұлжытпай сақтау арқылы еңбек қауіпсіздігі, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті ұдайы жетілдіруге бағытталған:
- Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық, техникалық және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді дайындау мен іске асырудың бірыңғай тәртібін белгілеу;
- Еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау;
- Еңбекті қорғау жай-күйінің көрсеткіштерін есепке алу, талдау және бағалау;
- Қауіпсіз еңбек әдістерін үйрету және еңбекті қорғау мәселелерін насихаттау;
- Компанияның әрбір қызметкерін, сонымен қатар серіктестері мен мердігерлік ұйымдарын еңбек пен денсаулықты қорғауды басқаруға тарту.
2018 жылы Safety 360 бағдарламасы енгізілген болатын. Осы бағдарламаның мақсаты – операциялық процестерді жетілдіру, сондай-ақ барлық локациялар мен объектілерде Қауіпсіздік техникасы бойынша мәдениетті арттыру.
Осы бағдарламада айрықша назарды талап ететін процестер сипатталған, сақталған кезде жазатайым оқиғалардың алдын алатын Қауіпсіздік техникасы жөніндегі негізгі қағидалар көрсетіледі.
«Safety 360» бағдарламасы Компания Стратегиясының маңызды ажырамас бөлігі болып табылады және оны міндетті түрде сақтау қажет. ЕҚ, ДжҚОҚ жөніндегі бағдарлама КГНТ үшін ең жоғарғы басымдылық болып табылады. Компанияның философиясы БАРЛЫҚ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ деп түсіндіріледі.
Әрбір қызметкер денсаулық пен қоршаған орта үшін қауіпсіз жұмыс орнын жасауда негізгі рөл атқарады. Апта сайынғы негізде бейсенбі сайын компанияда жүргізушілер үшін кеңестер өткізіліп тұрады, онда көлікті басқару кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен сақтық шаралары талқыланады.