2020

КГНТ бас инженерінің нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі орынбасары Зайцев Роман Романович «ҚҰРМЕТ» орденіне ие болды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы «03» желтоқсандағы Жарғысымен КГНТ бас инженерінің нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі орынбасары Зайцев Роман Романович «ҚҰРМЕТ» орденіне ие болды!

Зайцев Роман Романович — Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек ардагері, «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төсбелгісінің және «KAZENERGY» медалінің иегері. «ҚҰРМЕТ» орденінің кавалері Роман Романович 60 жылдан астам қызметі ішінде Республиканың мұнай-газ және құрылыс саласын және атап айтқанда Компанияның дамуына зор үлесін қосты және бүгінгі күнге дейін өз тәжірибесіне сүйене отырып, мұнай-газ саласындағы мамандардың жас буынына кешенді инженерлік міндеттерді шешу жолында бағыт беріп отырады.

«Құрмет» ордені — Қазақстан Республикасының серілік Құрмет ордені. «Құрмет» орденімен азаматтар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.

Құрметті Роман Романович! Ең жоғарғы мемлекеттік наградамен марапатталуыңызға орай шын жүректен айтылған құттықтауларымызды қабыл алыңыз. «Құрмет» ордені — Сіздің еңбегіңіз бен тәжірибеңіздің жоғары танылуы, Сіз бүкіл өміріңізді арнаған істің маңыздылығының айғағы. Сізге бақыт, мықты денсаулық, ұзақ өмір және ең батыл жобаларды іске асыруда сәттілік тілейміз!

Біз Сізді мақтан тұтамыз!