КГНТ-да қызметкерлердің балаларына арнап Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ашық есік күнін өткізу дәстүрі қалыптасқан. Бұл – балаларды ата-аналарының жұмыс орнымен, Компанияның тарихы және мәдениетімен таныстыруға тамаша мүмкіндік. Балаларға “болашақ қызметкер” бейджі табысталды, офистағы қауіпсіз мінез-құлық нұсқаулығы өткізілді, сондай-ақ квиз түріндегі қызықты ойын ұйымдастырылды. Көп жылдық тарихы бар кітапханаға ерекше көңіл бөлінді, онда балалар көптеген қызықты және жаңа дүниелермен танысты. Одан бөлек балаларға сыйлықтар табысталып, виртуалды шындықта балықтармен бірге “жүзуіп” үлгерді. Мерекені ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз.
Балаларды қорғау күні

05
Мау