2023

Алғыс айту күні

1 Наурыз Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл мейрам жылдан жылға қанатын кеңінен жаюда: бізге қамқорлық, әріптестеріне, жақындарына, туыстарына, соның ішінде бейтаныс жандарға көмек көрсететін жандарға алғыс айтамыз. Бүгін КГНТ Компаниясы Алматы қаласының офисіндегі барлық қызметкерлерге алғыс айтудың белгісі ретінде кәдесыйлар дайындады, сонымен қатар «Әріптесіңізге немесе Компанияға алғыс айтыңыз» жаңа жобасын ұсынды. Осы арнайы форманың арқасында әр қызметкер немесе Компания қонағы кез келген қызметкерге немесе жалпы КГНТ-ға алғыс білдіре алады, жылы сөздер міндетті түрде өз иелерін табады.