2024 жылғы 24 қазанда КГНТ Жас мамандар кеңесінің мүшелері SPE Инженер-Мұнайшылар Қоғамы ұйымдастырған «Геонавигация: Қазақстандағы жұмыс үлгісі» тақырыбындағы лекцияға барып қайтты.
ROGII компаниясының геонавигация жөніндегі инженері Диана Мендыбаева лектор міндетін атқарды және осы маңызды саладағы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті. Лекцияға қатысушылар Қазақстанда қолданылатын геонавигацияның заманауи тәсілдері мен технологиялары, сонымен қатар елде іске асырылатын негізгі жобалар туралы білді.
Іс-шараның демеушілері Chevron, ROGII және Rock Flow Dynamics компаниялары болды, бұл мұнай-газ саласы үшін талқыланатын тақырыптардың маңыздылығына және өзектілігіне айрықша назар аудартады.
Лекция жас мамандар үшін геонавигация саласы бойынша сұрақтар қоюға, пікір алмасуға және өз білімін тереңдетуге керемет мүмкіндік болды, бұл, сөзсіз, олардың кәсіби өсуіне ықпалын тигізетін болады
Геонавигация: Қазақстандағы жұмыс үлгісі

05
Қар