2021

КГНТ-ның Бас директоры Александра Бекишева «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» тізіміне енді

Күн жаңалығын хабарлауға асығамыз.

Petrocouncil.kz 2021 жылғы Қазақстанның мұнай саласындағы ТОП-30 көшбасшы әйелдері бойынша жыл сайынғы шолуды ұсынды. «Мұнай өнеркәсібіндегі ТОП-30 көшбасшы әйелдер» шолуына мұнай-газ операторларында, ТҰК, білім мен бизнесте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдер кірді.

КГНТ-ның Бас директоры – Александра Бекишева биылғы жылы құрметті 23-ші орынға ие болды. Еске сала кетсек, Александра Бекишева мұнай-газ саласындағы ТОП көшбасшы әйелдер тізімінде бірнеше рет орын алған болатын. Мысалы, өткен жылы Александраға ТОП-50 тізімінде 32-ші орын берілді.

Александра Маратовна, Сізді бүкіл ұжымның атынан шын жүректен құттықтап қоюға рұқсат етіңіз! #KGNTDREAMTEAM командасымен бірге бөліскен жетістіктеріңіз бізді алға қарай және биікке жетелей берсін. Компанияның, сонымен қатар саланың дамуына қосқан Сіздің жеке үлесіңіз баға жетпес. Сіздей көшбасшымыздың болғанын біз мақтан тұтамыз.