Еліміздің өңірлерінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ қашықтан жұмыс істеу режіміне толық көшуге байланысты «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС жұмыс міндеттерін неғұрлым қауіпсіз және тиімді жүзеге асыру мақсатында өз жұмыскерлері үшін бірқатар құжаттар мен ұсынымдарды әзірледі. Мұндай құжаттарға «Жұмыскерлерді қашықтан қосу бойынша әрекеттер тәртібі», «Қашықтан жұмыс істеу режімі кезіндегі еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнының эргономикасы», сонымен қатар «Қашықтан жұмыс істеу режімі кезіндегі жұмыскерлерге арналған лайфхактар» жатады.
Бұл шаралар компанияның толық жұмыс қуатын сақтай отырып жұмыскерлердің физикалық және менталды денсаулығына залал келтірмей оларды қашықтан жұмыс істеу режіміне ауыстыру мақсатында қабылданған.