19 – 23 қазан арасында «КГНТ» ИК» ЖШС бас офисіндегі қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жыл сайынғы медициналық қарап тексеру өткізілді. Қызметкерлерге қолайлы болу үшін дәрігерлердің КГНТ офисіне келуі ұйымдастырылды.
КГНТ бас офисіндегі қызметкерлер үшін медициналық қарап тексеру өткізілген кезде барлық талаптар ескеріліп, қауіпсіздік шаралары сақталды.