2022

КГНТ-ның бас офисінде әрбір қабатта кеңсе тауарларына арналған бокстар орнатылған

КГНТ-ның бас офисінде әрбір қабатта кеңсе тауарларына арналған бокстардың орнатылғандығын білесіз бе? Олар не үшін арналған?

Бізге мәлім болғандай, КГНТ компаниясы КАЙДЗЕН жүйесін ендіруде, ал бұл кез келген процестердің үздіксіз жақсартылуы тиіс екендігін білдіреді. Бокстарды орнату идеясы мынадай: егер сізде артық кеңсе тауарлары болса және сіз оларды пайдаланбайтын болсаңыз – әріптестеріңізбен бөлісіңіз, мүмкін оларға қажеті болып қалар, олар әрқашан жеке пайдалану үшін бокстан кез келген затты ала алады. Офисте орнатылған бокстар кеңсе тауарларына жұмсалатын шығыстарды оңтайландырады, әріптестермен бөлісу мәдениетін ендіреді, сонымен қатар әрбір жұмыскердің жұмыс орнына артық керек-жарақтарды үйіп тастауға жол бермей, таза ұстауға мүмкіндік береді.