17.06.2020 ж. Қалыптасқан жағдаяттарға байланысты «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС өзіне жергілікті қоғам алдындағы жауапкершілікті қабылдай отырып, халықпен үздіксіз жұмысты қамтамасыз ететін, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қатысатын ұйымдарға, сонымен қатар медициналық ұйымдарға, яғни ауру жұқтыру қаупіне бейім ұйымдарға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Осы міндетті іске асыру үшін Алматы қаласындағы Бас офистің Баспасөз орталығында бетке арналған қорғаныс қалқандарын жинау бойынша штаб ұйымдастырылды.
Бетке арналған қорғаныс қалқандары COVID-19 вирусының таралуы үдеп бара жатқан кезде өзектілікке ие бола отырып, бетпердеге қосымша, үстеме, тыныс алу және көру мүшелерін жеке қорғау құралы болып табылады.
Қорғаныс қалқандарын жинау жұмыстарына қатардағы қызметкерлермен қатар КГНТ басшылығы да белсене қатысты. Жинау жұмыстары сақтық шаралары мен еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтай отырып, мақұлданған сызбалар мен нұсқаулықтарға сәйкес жүзеге асырылды. Қызметкерлер жинаған қорғаныс қалқандарының жалпы саны бірнеше мыңнан астам дананы құрады. Шығыс материалдары ретінде денсаулық үшін қауіпсіз және барлық қажетті сапа сертификаттары бар материалдар қолданылды.