2021

КГНТ қызметкерлері үшін абстрактілі ойлау, ақпаратты сандық және вербальды өңдеу қабілеттерін дамыту деңгейін айқындау

КГНТ қызметкерлеріне бірқатар ұйымдар қолданатын психометриялық тестілердің жетекші бренді болып табылатын SHL тестілеу әдісімен өз қабілеттерін айқындау бойынша бірегей мүмкіндік берілуде. Бизнес 150-ден астам елдерде 10 000-нан астам клиенттерге қызмет көрсетеді.

SHL өткізетін қабілеттерді айқындауға арналған тестілер адамның жұмыс орнындағы табысы үшін маңызды ретінде белгіленген құзыретке деген қабілеттерін бағалауға бағытталған.

Құзыретті түрде тестілеу үшін қызметкерлеріміз жуырда психодиагностика бойынша оқудан өтті. Психодиагностиканың міндеті – әртүрлі адамдар арасында жеке ерекшеліктерді өлшеу немесе бір адамның әртүрлі жағдайлардағы реакцияларында ерекшеліктерді өлшеу.