03.06.2020 ж. Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы атқарушы дирекциясының (ХАҚҚ ҚР АД) Алматы қаласындағы бас офисінде КГНТ Экономика және бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директорының м.а. Демесін Айдос Оразбайұлы мен КГНТ Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директоры Тарасов Геннадий Александровичтің құрамына г.ғ.к., директор Бекнияз Болат Кабыкенулы, г.ғ.к., директордың орынбасары Нарбаев Марат Турсынбекович, г-м.ғ.к., Экология департаментінің басшысы Джабасов Абай Маратович кірген Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясымен компания мен Қордың стратегиялық серіктестігі және іскерлік ықтымақтастығы мәселелері бойынша кездесуі өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – КГНТ және ХАҚҚ АД ықтымақтастығы нысанын талқылау, сонымен қатар байланыстарды орнату және Арал теңізі бассейнінің проблемаларын шешуге бағытталған өзара әрекетті белсендіру, атап айтқанда өңірде экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және су-шаруашылық ахуалды жақсарту мақсатында болашақ жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру болып табылды.