КГНТ бас офисінде КГНТ Басшылығының «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (Орталық) Басқарма Төрағасы Дидар Каримсаковпен кездесуі өтті. Кездесу барысында мұнай-газ, мұнай-химия және энергетикалық салалардағы құрылыс объектілерін жобалау, процестерді жетілдіру және тиімділігін арттыру, озық технологиялар мен «ноу-хау» тәжірибесімен бөлісу және оқыту, сонымен қатар КГНТ-ның Ғылыми-Техникалық кеңестің отырыстарына одан әрі қатысуы үшін жасыл технологиялар саласындағы ықтымақтастықтың жан-жақты мәселелері талқыланды. Дидар Каримсаков КГНТ-ға қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп, өзара тиімді ықтымақтастықты одан әрі нығайтуға деген сенімін жеткізді.
Орталық ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі Қаулысымен құрылған болатын және әлемдік қоғамдастыққа 2018 жылғы 17 мамырда «Global Challenges Summit 2018» АЭФ барысында таныстырылды және Қазақстан Республикасындағы жасыл технологиялар саласында тіректі бастамалардың бірі болып табылады.
Орталық жасыл технологияларды дамытуда және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді азайту мақсатында бизнеске қолдау көрсетіп келеді.
Орталық қызметінің негізгі салалары – жаңартылатын және балама энергия көздерін дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін құру, су ресурстарын тұрақты пайдалану, қоршаған ортаға тиетін жағымсыз әсерді азайту, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, экожүйелерді ұқыпты әрі тиімді басқару.