Алматы қаласындағы КГНТ бас офисінде Компания өкілдерінің чех делегациясымен кездесуі өтті, оның құрамына Қазақстандағы Чехия Республикасы Елшілігінің сауда экономикалық бөлімінен – Петр Юрчик, Алматы қаласындағы CzechTrade сауданы қолдау жөніндегі чех агенттілігінің директоры, сонымен қатар жетекші компаниялар – I.B.C. Praha spol. s.r.o., Rubena, s.r.o., GDI Technology, s.r.o. өкілдері кірді. Кездесудің барысында компаниялардың өкілдері өздерінің қызметтері туралы таныстырылымды өткізді, өзара әрекет ету және ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды.
КГНТ өкілдері қонақтарға келгендері және КГНТ-ға деген қызығушылықтары үшін алғысын жеткізді, сондай-ақ Компания орындайтын жобалар үшін жоғары технологиялық жабдықтардың әлеуетті өнім берушілерімен бұдан арғы ынтымақтастық орнатуға және чех банктерінің қаржыландыру мүмкіндігіне өз қызығушылықтарын білдірді. Кездесудің ресми бөлігі аяқталған соң мамандандырылған VR бөлмесінде қонақтарға КГНТ орындаған әртүрлі технологиялық және азаматтық объектілерді 3D жобалау технологиясы көрсетілді.