2021

КГНТ құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстау

Бүгін КГНТ қабырғасында Компанияның және KAZENERGY қауымдастығының атынан Құрылысшы күніне орай құрмет грамоталарын, алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті. Бұдан бөлек, KAZENERGY қауымдастығының атынан Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытуда сіңірген кәсіби еңбегі үшін құрметтеу және көтермелеу белгісі ретінде медальдар табысталды. Марапаттар алған барлық әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге КГНТ қызметін дамытуға қосқан адал еңбектеріңіз бен зор жеке үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!