Біз Кайдзенді компания процесіне енгізуді жалғастырамыз.
5С—жұмыс орнын ұйымдастыру және оңтайландыру жүйесі (жұмыс кеңістігі), ұқыпты өндіріс құралдарының бірі.
cэири (整理) «сұрыптау» (керек – керек емес) — заттарды нақты керек және керек емес деп бөлу және соңғыларынан арылу;
cэитон (整頓) «тәртіпті сақтау» (ұқыптылық) —тез және оңай табуға мүмкіндік беретін, қажетті заттардың ретті және нақты орналасуы мен сақталуы;
cэисо (清掃) «тазалықта ұстау» (тазалау) —жұмыс орнын тазалықта және ұқыптылықта ұстау;
сэикэцу (清潔) «стандартизация» (нормалар мен қағидаларды бекіту) — алғашқы үш қағиданың орындалуы үшін қажетті шарт;
сицукэ (躾) «жетілдіру (тікелей аудармасы — тәрбие)» (өзіндік тәртіп) —Белгіленген қағидаларды, рәсімдемелерді және технологиялық операцияларды дәлме-дәл орындау тәртібін қалыптастыру.
Маусым айының қорытындысы бойынша жеңімпаздарымызды құттықтаймыз:
«5С.1С жүйесі бойынша ұйымдастырылған үздік жұмыс орны» номинациясында басқару жүйелері мен технологиялық процестерді автоматтандыру бөлімі.
КГНТ-да 5С жүйесін қолдайтын қызметкерлерімізге алғыс білдіреміз.