2025

Болашақты тәжірибе қарсы алады

✨Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнінің қарсаңында @kbtu_official студеттері КГНТ-ға келіп қайтты. Олар үшін бұл идеялар нақты жобаларға айналатын инженерия әлеміне көз салуға, ал біз үшін білімімізбен бөлісіп, жаңа ұрпақты жігерлендіруге керемет мүмкіндік болды. Осындай әрбір диалог – жас мамандардың энергиясы КГНТ сарапшыларының тәжірибесіне тұтасатын саланың болашағына салған инвестиция.

Біз ҚБТУ-мен ынтымақтастығымызды бағалаймыз және жұмыла отырып жаңа жетістік үшін берік іргетас қалыптастырып жатқанымызға сенеміз.