2025

ВОЛОНТЕРЛІК АКЦИЯ

КГНТ компаниясы Жас Мамандар Кеңесінің қызметкерлері керемет волонтерлік акцияны өткізді! Олар қаражат жинауды ұйымдастырып, «Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы үшін жылытқыштарды сатып алды. Қызметкерлеріміз орталыққа өздері барып, жылытқыштарды табыстады және орталықтың қызметкерлерінен құрмет грамотасын алып, шын жүректен айтылған алғыстарына бөленді. Бұл қолдауға мұқтаж жандар үшін жылы әрі жайлы атмосфераны жасауға қосқан маңызды үлес болып табылады. Біз командамыз бен қызметкерлеріміздің ақпейілділігін мақтан тұтамыз!