БИЗНЕС-ЭТИКАНЫ ДАМЫТУ

Біздің қызметкерлер – біздің ең басты құндылығымыз. КГНТ салауатты жұмыс ахуалын жасай отырып, жұмыс орнында және одан тыс жерде жағдайларды жақсарта отырып, өз құндылықтарына айрықша көңіл бөледі. Қызметкерлер КГНТ компаниясының жобаларды қалайша жүргізетіндігін айқындайды. Компаниядағы негізгі қағидат қауіпсіздік болып табылады және бізжұмыстарды жүргізген кезде ең жоғарғы этникалық стандарттар мен нормаларды басшылыққа аламыз. Компанияның барлық қызметкерлері корпоративтік мәдениетті дамытуға және этникалық нормаларды сақтауға тартылған.

КГНТ іскерлік этика кодексі қызметкерлер үшін жобаларды жүргізген кезде және этникалық сипаттағы шешімдерді қабылдаған кезде лауазымдық міндеттерді орындаған кезде негізгі нұсқаулық табылады. Қызметкерлер өз міндеттерін адал, мұқият және қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындауы тиіс.

Іскерлік этика кодексі компания қызметкерлерінің көмегімен жазылған және төмендегідей мінез-құлық стандарттарын қамтиды:

  • Жеке жауапкершілік және тәртіптілік;
  • Бастамашылдық;
  • Ашық өзара әрекет ету;
  • Өзін-өзі дамытуға ұмтылу;
  • Сенім және адалдық;
  • Өзара құрмет;
  • Құпиялылықты сақтау.