2022

КГНТ-ның Атырау құрамасы волейболдан үшінші орынға ие болды

Тек қана бас офистің қызметкерлері ғана емес, қашықтағы локациялардың қызметкерлері де спорттық өмір салтын ұстанады. Қуанышты жаңалық – волейболдан КГНТ-ның Атырау құрамасы ТШО-ның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиадада үшінші орынға ие болды. Команда қызметкерлері медальдармен, сондай-ақ сертификаттармен марапатталды.

Әр қызметкерді бүкіл ұжым атынан құттықтаймыз және компанияның спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін және жеңіс үшін алғыс білдіреміз.