КГНТ-ның Бас директоры – Александра Бекишева өзі бітіріп шыққан КИМЕП университетінің президенттік клубының қатысушысы болып атанды. Университет үздік 20 түлекті таңдап алды және президенттік клубтың мүшесі етіп сайлады. Клуб университет пен оның түлектері арасындағы қарым-қатынасты сақтау және нығайту, сонымен қатар әрбір мүше өзінің тәжірибесімен және идеяларымен бөлісе отырып, университеттің академиялық және қоғамдық өміріне белсенді қатыса алатын алаңды жасау үшін құрылған болатын.
Бүкіл ұжымның атынан, Сізді, Александра Маратовна кезекті жетістігіңізбен құттықтаймыз және студенттерді жаңа жеңістерге шабыттандырып жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз!