tarasov
Тарасов

Геннадий Александрович

Инновациялар және маркетинг жөніндегі басқарушы директор
Геннадий Александрович – «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» Инжиниринг Компаниясы» ЖШС-тың ақсақалы, компаниядағы жұмыс тәжірибесі 40 жылдан асады.

Тарасов Г.А. заманауи инжиниринг компаниясының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және көшбасшылық орынға қол жеткізу саласында қалыптасу процесіне белсенді қатыса отырып, жобалауды, құрылыс пен қазақстандық инжинирингті дамытуға елеулі үлесін қосты.

Тарасов Г.А. ҚР нормативтік құрылыс базасын қалыптастыру, мұнай-газ кешені үшін жаңа техника мен технологияны жобалау, мұнай-газ кешенінің нысандарын жобалау саласында, соның ішінде ҚР аумағындағы халықаралық жобалар, жобаларды келісу және мемлекеттік сараптамадан өткізу, мұнай-газ кешенінің саясатын ұйымдастыру және халықаралық конференциялар мен семинарлар түрінде жүргізу,техникалық комитеттердің/мұнай-газ саласындағы стандарттау бойынша ҚР Мемстандартының жұмысына қатысу, мұнай-газ кешенінің нысандарын жобалау, «KAZENERGY» ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысына қатысу бойынша 38 жыл тәжірибесі бар.

2001 жылдан бастап 2012 жылға дейін Мемқұрылыссараптама РМК штаттан тыс сарапшысы болып жұмыс істеді және ірі инвестициялық жобалар үшін мұнай-газ кешенінің технологиялық бөлімі бойынша жобалау құжаттамасының сараптамасын жүргізу дағдыларына ие болды.

Геннадий Александровичтің жұмыс тәжірибесі мол, ол тәжірибесімен жас мамандармен үнемі бөлісіп отырады және отыздан астам білікті кадрлар мен менеджерларды тәрбиелеп шығарды.

Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетикалық кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Геннадий Александрович «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен, «KAZENERGY» медалімен, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан мұнайына 120 жыл» төс белгісімен марапатталды.