"КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС”ИНЖИНИРИНГІЛІК КОМПАНИЯ” ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТІҢ БАСШЫЛЫҒЫ

Бекишева Александра Маратовна

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС Бас директоры

Бекишева Александра Маратовна Тәуелсіздік жылдарында өсіп келе жатқан Қазақстанның жас мамандарының жаңа ұрпағын білдіреді.
Қазіргі Гуманитарлық Академиясында жоғары білім алып, оны тереңдетіп, кеңейтіп, Ресей-Қазақстан заманауи гуманитарлық, «КИМЭП» және University of Oxford Said Business School университеттерінде  оқуын одан әрі жалғастырып еңбек қызметімен сәтті үйлестірді. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстарды қорғады.
Александраның мансабы «КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС «ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-мен тығыз байланысты. Қысқа мерзім ішінде ол қарапайым маманнан және бөлім бастығы лауазымынан вице-президент деңгейіне өсті, және 2004 ж. бастап кәсіпорынның қаржы және коммерция мәселелеріне толығымен жауапты болды. Өзі бақылайтын бағыттарда бизнес-процестерді жақсартуға елеулі үлес қосты. Ол сондай-ақ кешенді жобаларды іске асыру үшін Worley Parsons, Fluor, Aker, Fugro халықаралық серіктестердің қатысуымен тиімді жұмыс істейтін жүйені құрды. Компанияның сапа менеджменті өкілі.
Александраның ерекше қасиеттері - ол жоғары кәсібилік, терең теориялық дайындық және бай практикалық тәжірибе, жобалау жұмыстарының экономикалық және заңдық аспектілеріне өте жақсы иелік.
2009 ж. бастап Александра KPJV бірлескен кәсіпорында қазақстандық серіктестің акцияларының бірін басқарды, 2014 ж. компанияның директорлар кеңесін басқарды, «Ғимараттарды толық жобалау «Болашақ кеңейту жобасы / Ернеу қысымын басқару» жобасын атқаратын.
Бірлескен кәсіпорын құруы (КГНТ, КИНГ, Worley Parsons, Fluor) қазақстандық инжиниринг дамуының жаңа кезеңі болып табылады, отандық компания әлемге әйгілі инженерлік компаниялардың қосалқы мердігері емес, жобаның тұңғыш құрылтайшысы болған кез. Бұл Қазақстандық индустрия үшін отандық және шетелдік компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа түріне ауысуға, әлемдік тәжірибе трансфері және  тең қарым-қатынас құруына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Александра Маратовна «KAZENERGY» медалімен марапатталды, оның еңбегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің алғыс хатымен және грамотасымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен белгіленеді.

 

 

   
 

 

 
1