Для содержимого этой страницы требуется более новая версия Adobe Flash Player.

Получить проигрыватель Adobe Flash Player

Для содержимого этой страницы требуется более новая версия Adobe Flash Player.

Получить проигрыватель Adobe Flash Player


 

KIOGE 2015
Халықаралық мұнай-газ көрмесі
«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС» ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-ның көрме
қатысушыларымен
тиімді тәжірибе алмасуына қамтамасыз етті

       Әлемдік мұнай-газ өнеркәсібі көтерілу және құлауы мүмкін, бірақ KIOGE мұнайшылардың негізгі кездесу орны болып қала береді. KIOGE 2015 ашылу рәсімінде ҚР энергетика Вице-Министрі Магзум Мирзагалиев атап өтті: «KIOGE расыменде келісімдерге жету орны болып және перспективалық жобалар тұғыры болып табылады. Біздің дәстүрлі достарымызды, жаңа қонақтарымызды, қазақстандық және шетелдік компаниялардың өкілдерін көруіме өте қуаныштымын. Қазақстан мұнай-газ саласымен өзінің ұзақ мерзімді стратегиялық басымдықтарын байланыстыратын, даму үшін әріптестік идеясымен бөлісетін қонақтарымызды көруіме қуаныштымын. Біздің мемлекет бірлескен жұмыспен диалогқа бағдарланған рухты жоғары бағалайды.
       Көрме жыл сайын ҚР энергетика Министрлігі, «КазМунайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, Алматы қаласы әкімшілігі, «KazService» Қазақстан сервистік коипаниялар одағы және қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының ресми қолдауымен өткізіледі.
        Башнефтегеофизика, Welltec, Вэлан, Группа ГМС, Озна Компаниясы, Lloyd's Register Energy, Приводы Аума, Тенгизшевройл, TMF Group, Fluor, Honeywell компаниялары - KIOGE 2015 әріптестері ретінде әрекет етті.
        КГНТ 23-ші KIOGE-2015 «Мұнай және газ» Қазақстандық Халықаралық көрмеге қатысты (6-9 қазан 2015ж., Алматы қ-сы). Көпжылдық дәстүр бойынша КГНТ стенді орталық көрме залында орналасты, беделді және танымал бірі болды, арнайы әсерлерді қолданып халықаралық деңгейдегі инновациялық стильде жүргізілді.
        Көрменің жұмысы барысында КГНТ стендімен 1000-нан астам мұнай-газ компанияларының өкілдері, 14 елден жабдықтарды жеткізушілер және сервистік компаниялар танысты. Біздің қонақтарымыздың арасында мұндай көрнекті қайраткерлер болды: ҚР Энергетика вице-министрі М.М. Мирзагалиев, ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рау, КазТрансОйл бас директоры К.М. Карабалин, КазТрансГаз басқарма төрағасы К.К. Шарипбаев және тағы басқалар.
        2015 жылғы ең жақсы экспоненттер конкурсының нәтижесінде КГНТ «Ең Жоғары Технологиялық Стенд» арнайы жүлдеге ие болды.»

 

КГНТ стенды 9В павильонында орналасты,
стенд нөмірі В7

    Көрме бөлімдері:

  • Мұнай және газ өндіру және қайта өңдеу
  • Мұнай-газ жабдықтары
  • Мұнай және газ тасымалдау, өзге де транспорттық қызметтер, логистика
  • Геофизикалық қызметтер
  • Экологиялық қоршаған ортаны қорғау қызметтері
  • Жобалық зерттеу, жобалау
  • Құрылыс жұмыстары
  • Инжиниринг және консалтинг

Схема павильона

 

 

KIOGE 2015 Көрмесі

22-шы « Мұнай және Газ» 2014ж. атты Қазақстандық Халықаралық Көрмелер мен Конференециялардың ФОТОМҰРАҒАТЫ

21-шы « Мұнай және Газ» 2013ж. атты Қазақстандық Халықаралық Көрмелер мен Конференециялардың ФОТОМҰРАҒАТЫ

20-шы « Мұнай және Газ» 2012ж. атты Қазақстандық Халықаралық Көрмелер мен Конференециялардың ФОТОМҰРАҒАТЫ

19-шы « Мұнай және Газ» 2011ж. атты Қазақстандық Халықаралық Көрмелер мен Конференециялардың ФОТОМҰРАҒАТЫ

18-ші « Мұнай және Газ» 2010ж. атты Қазақстандық Халықаралық Көрмелер мен Конференециялардың ФОТОМҰРАҒАТЫ

www.iteca.kz

www.kioge.kz

 

1